Астана теміржол вокзалының атауын “Нұр-Сұлтан” деп өзгерту ұсынылды

0
245
Астана 1 теміржол вокзалы

Қазақстан астанасындағы “Астана” теміржол вокзалының атын “Нұр-Сұлтан” деп өзгерту ұсынылды. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілер электрондық базасында 2 сәуірде жарияланған үкімет қаулысының жобасында айтылады.

Қаулы жобасы “Астана-1″ вокзалының атын өзгерту туралы” деп аталады. Онда “Астана” возкалының атауы “Нұр-Сұлтан” теміржол вокзалы” деп өзгеретіні айтылған.

Электрондық базаға қаулы жобасын Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі енгізген.

Көпшілік талқы аяқталатын уақыт ретінде 16 сәуір көрсетіледі. Сайтта бұл ұсыныс жайлы әзірге пікір жоқ.

23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз