Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен келді

0
184
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен келді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Ақорда

Сапар барысында мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Ақорда

Сонымен қатар,президент Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады.

Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз