Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президентін қарсы алды

0
48

Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. 

Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли келесі жылы Қазақстан мен Того арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 10 жыл толатынын және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін мол әлеует бар екенін айтты. Мәселен, былтыр Қазақстанның Африка мемлекеттерімен арадағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан асқан.  Сонымен қатар, биылғы 9 айдың ішінде өзара сауда-саттық 568 миллион долларға жетті. Қазақстан шикізат және шикізаттық емес тауар түрлері бойынша аталған құрлыққа экспорт көлемін ұлғайтуға дайын. Тау-кен индустриясы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін мол мүмкіндік бар екенін де атап өтті Берік Уәли. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз