Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барады

0
296
Photo: baribar.kz

27 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы  президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

“27 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда”, – деп жазды Уәли.

28 қарашада президент Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз