Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы саяси консультациялардың 6-раунды өтті

0
165

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған делегация Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы екі жақты саяси консультациялардың 6-раундына қатысты. Оңтүстік Африка тарапынан халықаралық қатынастар және ынтымақтастық жөніндегі министрінің орынбасары Регина Мхауле болды.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және сауда ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, ғылым мен білім беру саласындағы өзара әрекеттестікті, сондай-ақ құқықтық базаны кеңейтуді талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде, Ержан Ашықбаев Оңтүстік Африканы 2019-2020 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануымен құттықтады. БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Ашықбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Оңтүстік Африканың Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрі Линдиве Сисулудың атына Астанаға сапармен келуге жеке шақыруын тапсырды. Тараптар Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға сапары екі жақты қатынастардың жан-жақты дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екі жақты саяси консультациялардың 6-шы отырысының хаттамасына қол қойылып, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультациялардың келесі раундын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Іс-шараның өткізілу мерзімі дипломатиялық арналар арқылы анықталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз