Қазақстан әскері түркиялық Anka дронын сынақтан өткізіп жатыр

0
78

Қазақстанда TAI (Turkish Aerospace Industries) компаниясы әзірлеген ANKA ҰҰА (ұшқышсыз ұшу аппараты) сынақтары басталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Жаңа қорғаныс аппараттары Ұшқышсыз ұшу аппараттарын Жамбыл облысының жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу орталығының базасында сынақтан өтіп жатыр.

Ерекше айта кетерлігі, Anka дроны Таяу Шығыстағы, Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарында қолданылып, тиімділігін көрсеткен.

Іс-шараға 14157 әскери бөлімінің ұшу және инженерлік-техникалық құрамы, сол сияқты Turkish Aerospace Industries өндіруші компаниясының өкілдері қатысып жатыр.

«Тесттік ұшулар – қабылдау кезеңінің бір бөлігі. Негізгі міндет – кешеннің, жабдықтың және қосалқы жүйелердің жарамдылығын тексеру. Тәжірибелі әскери кешенді пайдалану 2023 жылдың тамыз айына жоспарланып, 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады», – деп түсіндірді ҰҰА жауынгерлік даярлау және қолдану Оқу орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков.

Сынақтан сәтті өткен жағдайда Anka пилотсыз ұшу аппараты кешені Қазақстан армиясына қабылданады.

Ұшу аппараттарының жүк көтергіштігі 300 кг-ға дейін, ал мұздан тазарту жүйесінің болуы суық ауа райында да ұшуға мүмкіндік береді.

Anka апараттарының негізгі артықшылықтары:

  • барлау, нысананы дәлдеу;
  • артиллериялық атысты түзету;
  • жерден нысандарға соққы беретін авиацияны бағыттау;
  • әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын анықтау және еңсеру;
  • дұшпанның аса маңызды нысандарын жою.

Міне бұл жаңа қару түрінің мүмкіндіктерінің бір бөлігі ғана. Ал ең бастысы – жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде жеке құрамның зардап шегуінің алдын алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз