21 қыркүйекте халыққа үндеу жолдаған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 20 қарашаға белгіледі.

“Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін” делінген президент жарлығында.

Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған. Қазақстанның қазіргі басшысы 2019 жылы елді 30 басқарып келген Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткенде бес жылға сайланған. Бұл мерзім 2024 жылы аяқталуы тиіс болған.

Қазақстан президенті қыркүйектегі жолдауында осы сайлаудан кейін парламентке президенттікті жеті жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ұсыныс білдіретінін мәлімдеген. Келесі күні мәжілістегі “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобы “құқықтық коллизияны болдырмас үшін” деп күзгі дауыс берудің өзінде бірден жеті жылдық мерзімге сайлауды ұсынды. Бұл ұсынысты Нұр-Сұлтан Астана деп қайта атау туралы бастамасымен қатар айтты. Тоқаев депутаттардың бұл ұсынысымен келісіп, конституцияға бір жыл ішінде екінші рет түзету енгізетін жарлыққа қол қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз