Қазақстанда тағы екі министрлік құрылады

0
74
Министрліктер үйі. Астана қаласы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы барысында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Көлік министрлігі құрылатынын хабарлады.

Тоқаев, халықты суды үнемдеуге шақырып, суға байланысты мәселелерді дербес мекемеге тапсырды. 

«Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады», – деді кулуар басында президент.

Бұдан бөлек, президент, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керектігін, көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуы қажеттігін айтты.

«Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады», – дейді президент Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент Жолдауы: Қазақстанда жақында тағы да реформа өтеді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз