Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамалды

0
187
Мұрат Бектанов.

Сейсенбіде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты екі айға қамады. Бұл туралы соттың 22 ақпан күнгі хабарламасында айтылған.

Экс-министр Бектанов 19 ақпанда ұсталған. Ол қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін 452-бап бойынша (“Биліктің әрекетсіздігі”) күдікке ілінген.

Мұрат Бектанов 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.

2022 жылы 19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны “қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады” деп кінәлап, қызметінен босатқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз