Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

0
330
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

1 наурыз күні Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Бақытжан Сағынтаев 2016 жылы қыркүйектен 2019 жылдың 21 ақпанына дейін Қазақстан үкіметін басқарды. Қазақстан президенті Назарбаев биыл 20 ақпанда Сағынтаев басқарған үкімет жұмысын сынап, отставкаға жіберген болатын. Оның орнына Сағынтаевтың бірінші орынбасары болған Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалған.

Бұрынғы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жаңа үкіметтің құрамына еніп, премьер-министрдің орынбасары болып бекітілген.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз