Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті – Президент

0
41

Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы барысында халықтың тұрмыс сапасының төмендігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті”, – дейді президент.

Президент үкімет пен парламентке бұл мәселені бес жыл ішінде шешу туралы тапсырма берді.

Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады”, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз