Бас прокуратура: Мәсімов пен орынбасарларының ісі сотқа берілді

0
150
Кәрім Мәсімов.

7 қарашада Қазақстан бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі сотқа жіберілгенін хабарлады.

“Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекітті. Іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданды” делінген хабарламада.

Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазым өкілетін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылық алу мақсатында асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) туралы баптар бойынша сотқа берілген.

Хабарламада “ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазым өкілетін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылық алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталып отыр (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы)” деп көрсетілген.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов , ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары Д. Ақыповқа және ҰҚК-ның басқармасының бұрынғы бастығы Н. Бекмұратқа Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған.

Бас прокуратура хабарлауынша, қылмыстық іс “өте құпия” белгісімен тергелген және сотпен де осы тәртіпте қаралатын болады.

Кәрім Мәсімов биыл Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз