Қазақстанда докторантураға құжат қабылдау басталды

0
164
Сурет: freepik.com

Қазақстанда 1 қарашадан бастап докторантура емтиханына құжат қабылдау басталды. Құжат қабылдау 18 қарашаға дейін жалғасады. Емтиханның өзі 5-11 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Емтиханға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz/) сайтында өтеді. Министрлік докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатынын ескертеді.

Тапсырушы берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (18 қарашаға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тест өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат үміткердің жеке кабинетінде 29 қарашада қолжетімді болады.

“Емтиханда эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, емтиханның ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балл. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75”, – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, биыл алғаш рет докторантураға түсу үшін шет тілін білу сертификатынан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.

Ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген, сондай-ақ осы жылы нәтижелері жойылған тұлғалар докторантураға түсу емтиханына қайта қатысуға жіберілмейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз