Қазақстандық кәсіби боксшы жекпе-жектен кейін жасанды комаға жатқызылды

0
208
Photo: Айдос Ербосынұлының ВКонтакте желісіндегі ресми тобы.

Кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комада жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жекпе-жек 12-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталды, төреші Тони Уикс жекпе-жекті тоқтатып, Моррельдің жеңісін нокаутпен санады. Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшыны бірден ауруханаға апарған. Дәрігерлер Айдостың миына қан кетті деген диагноз қойып, жасанды комаға жатқызған.

“TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз, сондықтан қосымша ақпаратты бөлісе алмаймыз”, – делінген Fight Freaks Unite мәлімдемесінде.

Еске салайық, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.

Айдос Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз