Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

0
104

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

“Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті таныстырды”, – деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

«Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып Бауыржан Байбек тағайындалды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осы қызметті атқарған Мәулен Әшімбаевқа жасаған жұмысына ризашылығын білдіріп, саяси ұйымның алдында үлкен міндеттердің тұрғанына  партиялықтардың назарын аударды».Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз