Цифрлық даму министрлігін уақытша Бағдат Мусин басқарады

0
116
Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен. Photo: akorda.kz

21 шілдеде үкімет қаулысымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі қызметіне Бағдат Мусин тағайындалды. Ол уақытша министр қызметін атқаратын болады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті “инженер-жүйе технигі” мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын “заңгер” мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастаған. Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, әділет министрлігінің экономика және қаржы департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеген. Байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерде болған. “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ, “Қазпошта” АҚ, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарған.

Осы жылдың наурыз айынан Қазақстан президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болған.

Президент Тоқаевтан сөгіс алған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 20 шілдеде қызметінен босатылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз