Дархан Кәлетаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болды

0
72
Дархан Кәлетаев.

1 наурыз күні үкімет үйінде премьер-министр Асқар Мамин премьер-министр кеңсесінің ұжымына жаңа басшы Дархан Кәлетаевты таныстырды. 

Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған ол әр жылдары президент әкімшілігінде, “Нұр Отан” партиясында, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорында қызмет еткен. 2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болған. 

2018 жылғы сәуірден 2019 жылдың 21 ақпанына дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз