Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды

0
153
Дариға Назарбаева.

Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды. Қазақстан сенатының спикерін Ресейдегі әріптесі, Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко шақырған. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

“Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының делегациясы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың шақыруы бойынша ресми сапармен Ресей Федерациясына келді”, – деп жазылған парламент сенатының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, Дариға Назарбаева бұрынғы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясынан кейін 2019 жылдың 20 наурызында сенаттың спикері болып сайланды.

Осы жылдың қыркүйегінде ол сенаттың спикері болып қайта сайланған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз