Депутат: Дариға Назарбаева отставкаға кетуі тиіс

0
318
Дариға Назарбаева.

10 ақпан күні “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының құрылуына қатысты өткен жиында мәжіліс депутаты Айдос Сарым бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаева қызметінен кетуі тиіс деп мәлімдеді.

“Қазір өзі жұмыста жоқ, сыртынан тон пішпейік. Келсе өзіне де айтармыз. Менің түсінігімде ол кісі өз еркімен арыз жазып кеткені дұрыс шығар дәл осындай жағдайда”, – дейді Сарым.

RFE/RL қазақ қызметінің хабарлауынша, экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасынан бері жұрт алдына шықпады. 12 қаңтарда көмекшісі оның коронавирусқа шалдыққанын, Алматыдағы үйінде екенін айтқан.

Назарбаева бұған дейін анықталған “Нұр Отан” партиясының саяси кеңес құрамына енбеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз