Мәжілісте Тоқаев тапсырмаларының орындалуын бақылайтын топ құрылады

0
208
Мәжілістің жалпы отырысы.

Мәжілісте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент жұмысын трансформациялау жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалайтын “Жаңа Қазақстан” атты депутаттар тобы құрылды. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.

“Біздің мақсатымыз – қаңтар трагедиясынан кейін елімізде басталған реформаларды, бастамаларды қолдау, олардың сөз жүзінде қалуына жол бермеу. Екіншіден, кез келген ірі саяси реформалар заң шығарушы және өкілетті органнан басталуы тиіс. Біздің түпкі мақсатымыз – мәжіліс жұмысын жаңа арнаға бұру. Оның ішінде мәжілістің ашықтығы, белсенді жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс регламенті, депутаттар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу”, – деді депутат Айдос Сарым.

Депутаттың сөзінше, бұл жұмыстың мақсаты саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысу, оның елде дұрыс жүргізілуін қадағалау.

“Үшіншіден, өңірдегі уәкілетті органдардың жұмысын жандандыру қажет. Қоғамдық кеңестерге, мәслихаттарға өзгеріс керек. Олар жақсы үлгі көрсете алуы тиіс. Бұл тұрғыда да жұмыс істейтін боламыз”, – деді Сарым.

Мәжілістің төрт депутаты аталған топтың тұрақты мүшесі болады. Олардың қатарында Айдос Сарым мен Еділ Жаңбыршин бар. Жалпы топтың құрамына 30 депутат кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз