Ертең Қазақстан президенті ант береді

0
138
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Akorda.kz

26 қараша күні Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Инаугурация трансляциясы республикалық телеарналардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Айта кетейік, 21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы елде өткен кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

Адам саны бойынша дауыс беру көрсеткіші төмендегідей:

  • Қарақат Әбденге – 206 206 адам (2,6 пайыз);
  • Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 адам (2,22 пайыз);
  • Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам (3,42 пайыз);
  • Мерам Қажыкенге – 200 907 адам (2,53 пайыз);
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 6 456 392 адам (81,31 пайыз);
  • Салатная Тұрсынбековаға – 168 731 адам (2,12 пайыз);
  • Бәріне қарсымын графасы: 460 484 адам (5,8 пайыз).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз