Гемания мен Израиль үкімет аралық ынтымақтастықты жандандырады

0
75
Ангела Меркель, Биньямин Нетаньяху

Германия мен Израиль үкімет аралық консультацияларды қалпына келтіруге ниетті. 4 маусымда ГФР канцлері Ангела Меркель Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Берлинде келіссөз жүргізгеннен кейін неміс және израиль бизнес өкілдерімен кезекті кездесу 4 қазан Израильде өтеді деп мәлімдеді. Консультациялар 2017 жылы неміс тарабының бастамасымен тоқтатылған еді. Бұған себеп, Палестина аумағына израильдіктердің қоныс тебуі болды.

Меркельдің сөзінше, Германия мен Израильдің арасында бірқатар мәселелерге қатысты келіспеушіліктер бар. Соның ішінде, АҚШ-тың Иранмен Бірлескен іс-қимыл жоспарын тәрк етуі. Бұған қарамастан, Германия мен Израиль «әріптес әрі дос», – деп атап өтті Меркель, деп жазады Deutche Welle басылымы.

ГФР канцлері Иранның Таяу Шығыстағы ықпалының артуын әсіресе «Израильдің қауіпсіздігі үшін» «қарқынды алаңдаушылық» деп атады. Меркель Германия «Иранды Израильмен шекаралас аймақтардан жылыстату үшін» бар күш-жігерін салатынын алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз