Индонезия Қазақстан тәжірибесінде астана ауыстырмақ

0
24

Қазақстанның Джакартадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Оразбай Индонезияның Қазақстан тәжірибесі негізінде әкімшілік-басқару орталығын ауыстыруға мүдделі екенін айтты.

Бүгін елордада Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Оразбайдың қатысуымен брифинг өтті.

Асхат Оразбай журналистерге арналған брифингіде Қазақстан мен Индонезия арасындағы ынтымақтастық және Индонезия Республикасының вице-президенті Юсуф Калланың Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) аясында Қазақстанға жасаған іс-сапары жайында әңгімелеп берді.

Елші Оразбайдың айтуынша, Индонезия вице-президенті Калла жергілікті басылымдарға берген сұхбатында Астанадағы ИЫҰ-ның тұңғыш білім және технология саммитінің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған жеке кездесуде Қазақстан Президентінен астананы көшіру туралы егжей-тегжейлі кеңес алғанын мәлімдеді. Индонезия басшылығы Қазақстанның бас қаласын Алматыдан Астанаға көшіріп, Сарыарқа төрінде жаңа қала тұрғызуын жаңа заманның озық жетістіктерінің бірі рертінде бағалайды.

Оразбайдың мәлімдеуінше, соңғы кезде Джакартада жалғасқан әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты Индонезия қоғамында Калимантан аралында жаңадан әкімшілік орталық тұрғызу туралы пікірталас көбейген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз