Исекешевте жаңа қызмет

0
76
дереккөзден

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды”, – деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін аталған лауазымды Қанат Жұмабаев атқарған еді. Тұңғыш президент қорының директоры – Дариға Назарбаева.

24 наурызда Исекешев президент  әкімшілігі басшысы лауазымынан босатылды. Бұл лауазымға  Исекешев 2018 жылдың 10 қыркүйегінде тағайындалған еді.

Бұған дейін Исекешев 2016 жылдың 21 шілдесінде Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, оған дейін инвестиция және даму министрі болды. 2010-2014 жылға дейін индустрия және жаңа технологиялар премьер-министрінің орынбасары болды. 2009-2010 жылдары индустрия және сауда министрі болды. 2008-2009 жылдары Президенттің көмекшісі болды. 2006-2008 жылдары “Қазына” тұрақты даму қоры” АҚ басқарма төрағасының орынбасары болса, 2003-2006 жылдары индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарды.


Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз