Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды

0
158
Ерлан Тұрғымбаев.

2019 жылдың ақпанынан бері Қазақстанның ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев лауазымынан босатылды. Бұл туралы ресми ақпарат бүгін Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлер жұмысындағы азаптау туралы көптеген арыз-шағымдардың кейбірі расталған, сондай-ақ негізсіз қамауға алу фактілеріне байланысты қоғам тарапынан сынға ұшырап, наразылық туды. Қанды қасіретінен кейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органы қызметінен босатылмаған жалғыз басшы болды.

59 жастағы Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ішкі істер министрінің орынбасары болып істеген. Ол әр жылдары тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алматы тергеу басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. 2006-2012 жылдар аралығында Алматы қалалық ішкі істер департаментін басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз