КХДР-АҚШ саммиті өтуі ықтимал

0
89
дереккөзден

Пхеньянның жасаған қатаң мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ президент Дональд Трамп пен президент Ким Чен Ынның кездесуіне дайындықты жалғастыра береді. Бұл туралы президент Трамп Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесу барысында хабарлады.

Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысы шешімді түрде ядролық қарудан бас тартатынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Трамп Ким Чен Ынның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін растады. Трамптың сөзінше, Ким Чен Ынның сөзден ауытқуына оның ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньмен кездесуі түрткі болуы ықтимал.

Вашингтон Сингапурда өтетін кездесу үшін бірқатар шарттарды орындауға бар, бірақ, Трамп іс-шараның болмауы мүмкін екенін де мойындайды. Дегенмен, Трамп кездесудің өту-өтпеуіне аса қатты бас ауыртпайтын сыңайлы. АҚШ президентінің кездесуге қатысты «Болса, керемет – болмаса, ештеңе етпейді»,- деген пікірін Reuters келтіреді. Трамп кездесу маусымда болмаса, басқа айда өтеді деп топшылайды.

Трамп пен Ким Чен Ынның екіжақты кездесу саммиті Сингапур қаласында 12 маусымға жоспарланған. Екі тарап кездесу туралы мәмілеге келгенмен, Пхеньян өз кезегінде корей-америкалық әскери жаттығулары үшін саммиттен бас тартамыз деп сес көрсетті. АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс Трамп Киммен кездесуден өзі-ақ бас тартуға қабілетті деп атап өтті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз