«Латынға көшу шешімі – Елбасының кемеңгерлігі»

0
129

Мұхтар Құл-Мұхаммед латын әліпбиіне көшуге байланысты өз пікірін білдірді.

Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған кирил графикасын латын әліпбиіне көшіру мәселесі жайлы «Ұлт тағдырына қатысты кез келген мәселені он ойланып, жүз толғанып, өзіне ғана тән дархан даналықпен кемел шешім қабылдайтын Елбасымыз латын алфавитіне көшуге келгенде тағы да кемеңгерлік танытты», – дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бірден бүкілхалықтық қолдауға ие болған өте терең мағыналы және барлық саланы қамтитын аса ауқымды бағдарламалық құжат екенін атап өткен Мұхтар Құл-Мұхаммед:

“Әліпбиді ауыстыру – қазақ тілін заманға сай жаңғырту, дұрыс сөйлеу мен дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру. Латынға көшу арқылы біз ұлтымыздың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын үш мәселені шеше аламыз. Яғни латын әрпіне көшу жастарымызға  ағылшын тілін тез әрі жеңіл түрде үйренуге септігін тигізеді. Екіншіден, ағылшын тілін үйрену арқылы сол тілде жазылған ғылым-білімді еркін игеруге мүмкіндік аламыз. Үшіншіден, басты аса мән қойып қарайтын мәселе, жер бетіндегі тарыдай шашыраған барша қандастарымыздың басын қосатын үлкен мүмкіндік. Осыны халыққа ұғындырудың басында зиялы қауым өкілдері көш бастауы тиіс”,

– деді.

Латын әліпбиіне көшуді еліміздегі тіл мамандары мен елдің рухани өміріне, мәдениетіне, тіліне жанашыр азаматтар оңтайлы бетбұрыс ретінде бағалап жатыр. Латын әліпбиіне көшу – біршама уақыттан бері қолға алынып келе жатқан, қоғамда талқыланып піскен мәселе.

Мамандардың айтуынша, кирил графикасымен жазылған барлық кітап, әдеби шығарма, құндылықтар түгелдей латын әрпіне әп-сәтте ауыстырылатын болады. Елбасының тиісті жарлығында 2025 жылға дейін толықтай көшірілу жоспарланған. Осы мақсатта алдағы екі жыл ішінде 600 миллион теңге қаражат бөлінбек. Бұл туралы дүйсенбі күні парламенттік отырыста мәлімдеме жасалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз