Лавров пен Чавушоғлы Сирия жайын талқылады

0
52
/дереккөзден

Ресей және Түркия сыртқы істер министрлері Мәскеуде келіссөздер өткізді. Келіссөздердің басты тақырыптарының бірі – Стамбұл саммиті алдындағы және АҚШ-тың Дамаскке ықтимал шабуылдары барысындағы Сирия мәселесі болды.

«Қорғаныс министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арқылы жұртшылыққа химиялық қаруды қолданып кезекті арандатушылықтың (Шығыс Ғұтада -ред) дайындалып жатқанын хабарладық: қойылымдар ұйымдастырылады, атап айтсақ, Шығыс Ғұтада»,

– деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Түркия Сирияда аумақты басып алуды емес, лаңкестермен күресті көздейді деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеу өте қатаң және барлық бағыт бойынша Вашингтонға АҚШ коалициясы басқаратын Дамаск шабуылы туралы алдын ала ескерткендерін айтты.

«Первый каналдың» ақпаратына сәйкес, Ресей сыртқы істер министрі АҚШ Араб республикасының ішкі істеріне араласып, оның құлдырауын көздейді деп мәлімдеді. Сол себептен, химиялық қарумен арандатушылық әрекеттер жасайды, дейді Лавров. Лавров сондай-ақ Вашингтон Мәскеудің ескертулеріне құлақ асып, Дамаск маңына соққы жасаудан бас тартатынына үмітті екенін жеткізді.

Атап өтерлігі, Сириядағы қақтығыстарды тоқтату бойынша талқылаулар 2016 жылдан бастап Сирия бойынша Астана процесінде жүзеге асырылып келеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз