“Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік” кеңесінің бірінші бөлімі аяқталды

0
282

24 қыркүйекте Елордада өтіп жатқан “Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік” тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің бірінші отырысы аяқталды. 

Жиын Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған.

Форум жұмысына Еуропа мен Азияның 65 елінің парламенттері делегациясы, 14 халықаралық парламенттік ұйым өкілдері қатысуда. Олардың қатарында ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары, Парламентаралық одақ, Азия парламенттік ассамблеясы, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы, ТМД ПАА, ШЫҰ сынды ұйымдар бар.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз