Тоқаев Майкл Блумбергті Қазақстанға шақырды

0
110
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Bloomberg" басшысы Майкл Блумберг. photo: akorda.kz

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы “Bloomberg” ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Қазақстан мен “Bloomberg” ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін “Bloomberg” жаһандық бизнес-форумының маңыздылығын атап өткен.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергке Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, америкалық бизнесменді “Астана” халықаралық қаржы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Майкл Блумберг кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, қазақстандық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге дайын екенін жеткізген.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз