Мәдина Әбілқасымова басқа қызметке тағайындалды

0
144
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Мадина Әбілқасымова. Сурет: sputniknews.kz

28 наурыз күні Мемлекет басшысының өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Еске сала кетейік, 12 наурызда ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Ол 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді.