Мәжіліс спикері Қошанов 300 асхананы “таппай” қалды

0
26
Ерлан Қошанов.

11 қазанда мәжіліс отырысында, депутат Сүлейменова Жұлдыз, оқу-ағарту министріне мектептегі асхана мәселесіне байланысты сұрақ қойды.

Депутаттың айтуынша бүгінгі таңда 800-ден астам мектепте асхана мүлдем жоқ. Ал, министр Ғани Бейсембаевтың мәліметінше, 800 мектепте емес, 591 мектепте асхана жоқ.

Осы орайда мәжіліс спикері мектеп санына байланысты кідіріп қалды. Ол екі шенеуніктің айтып отырған ақпаратының бір-біріне сәйкес еместігіне тоқталды.

«Сонымен 800 асхана ма, 500 асхана ма? 300 асхана қайда кетті? Жаңа депутат 800 деді», – деп сұрады мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Ал, депутат Сүлейменова, өз сөзіне дәлел ретінде оқу-ағарту министрлігінің 29 қыркүйекте жазбаша берген ресми жауабын келтірді. Тиісінше министр, жауап беру кезінде асханасы жоқ мектеп санына тоқталмай, жеке меншік мектептердегі асхана мәселесі туралы айтты. Осылайша мәжіліс спикерінің сұрағы жауапсыз қалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз