Мәжіліске Серік Сәпиевтің орнына жаңа депутат келді

0
206
Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев

Оқи отырыңыз: Екі жыл депутат болған боксшы қызметтен бас тартты

13 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты атанды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.

“Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен “Нұр Отан” партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты жаңа сайланған әріптесімізді барша депуттардың атынан құттықтаймын”, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жаңадан сайланған депутат жалпы отырыста ант берді.

“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін”, – деді Н. Әлтаев.

Нұржан Бауыржанұлы осыған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

Айта кетейік, Әлтаев бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтің орнына келді. Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне ауысқан болатын.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз