Мәжілістің екі депутаты коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

0
149

4 ақпанда мәжіліске медицина саласынан келген депутаттар Зарина Камасова және Ғалымжан Елеуов коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады. Бұл туралы мәжілістің баспаөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз: “Вакцинаға қарсымыз”. Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар наразылыққа шықты

Мәжіліс сайты екпе салдырған депутаттардың VII шақырылымға тағайындалғанға дейін індетпен күрес шеңберінде аймақтарда медициналық мекемелерде жұмыс істеп, халыққа қажетті көмек көрсеткенін хабарлады.

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов вакцина салдырып отыр.

 – Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де,  туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты, – деді депутат Ғалымжан Елеуов.

Сонымен қатар, депутаттар екпе салғызғаннан кейін денсаулықтарының бірқалыпты екендіктерін айтты.

Қалған депутаттарды вакцинациялау наурыз айында денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз