Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысымен кездесті

0
56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Куния Микурия.

5 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Куния Микуриямен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кездесу барысында “Меркатор” бағдарламасы аясындағы және ҚР-да заңнамалық реформаларды өткізу, сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету бойынша ДКҰ келісімінің ережелерін Қазақстанда іске асыру мәселелері талқыланды.

Куния Микурия транзит саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Транзит рәсімдерін тиімді қолдануды ұйымдастыру және ДКҰ-ның ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі форумының жұмысына қатысуы туралы мәселелер қаралды.

Асқар Мамин Қазақстан Үкіметі кедендік әкімшілендіру саласындағы табысты әлемдік тәжірибені енгізу жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз