Назарбаев: Ауырып жатқанымда бір топ ресейлік дәрігер он күн бойы емдеді

0
497
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путин. Photo: elbasy.kz

30 маусым күні Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті. 

Elbasy.kz сайтының хабарлауынша, Назарбаев Путинге пандемия кезінде Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қарағанды фармацевтикалық зауытында ресейлік вакцина шығару аясындағы тиімді әріптестіктің жайына тоқталған.

Kremlin.ru сайты Путин мен Назарбаевтың әңгімесінен үзінді келтіреді.

“Ешқашан ұмытылмайтын жағдайлар бар. Ауырып жатқанымда бір топ ресейлік дәрігер қасымда он күн бойы емдеді. Бұл сауығып кетуіме айтарлықтай көмектесті, осындай сәттер ешқашан ұмытылмайды”, – деді Назарбаев.

Путин осыған дейін талай рет Назарбаевты шақырғанын, кездесудің сәті түскеніне қуанғанын айтады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі байланыста екенін, ортақ диалогтың жемісін беріп жатқанына тоқталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз