Назарбаев Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

0
105
дереккөзден

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарланады.

Әңгімелесу барысында Украина президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз