Назарбаев референдумда дауыс берді

0
482
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс беріп тұр.

5 маусымда Қазақстанның бұрынғы президенті, көптен бері жұрт алдына шықпаған Нұрсұлтан Назарбаев Астана Опера театрында орналасқан учаскеге келіп референдумда дауыс берді. 

Көптен бері жұр алдына шықпаған елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі туралы Қазақстан конституциясына енгізілетін өзгерістерді қолдайтынын, референдумға баратынын мәлімдеп саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа сұхбат берген еді. 

Ресми ақпарат бойынша, бүгін 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Елде дауыс беруге құқығы бар 12 миллионнан астам азамат бар.

Халық 33 бапқа ұсынылған түзетулер бойынша дауыс береді. Бұл өзгертулерде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру; президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу; парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылған.

Билік “мемлекеттік құрылымның жаңа моделіне өтеміз”, президент құзыретін азайтып, парламентті күшейтеміз деп уәде берген. Бірақ сыншылар көп өзгеріс бола қоймайды, билік “суперпрезидент жүйесінен” бас тартпайды дейді.

Үкімет референдум өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге қаражат бөлетінін мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз