Назарбаев Жақсыбековке сәттілік тіледі

0
93
Ақорда

11 қыркүйек Президент Әкімшілігі басқарма құрамымен жиналыс өткізу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбековке Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде және өзге де мемлекеттік қызметтердегі сапалы жұмысына алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасының негізін қалаудағы Жақсыбековтың зор үлесін ерекше атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұзақ жылдар қатарынан Ә. Жақсыбековтың өзінің жанында жүргенін айтқан мемлекет басшысы ол “барлық лауазымда жауапты әрі әділ қызмет етті”, – деді. “Оған зор денсаулық әрі сәттілік тілеймін”, – деді Н. Назарбаев.

Еске салсақ, 10 қыркүйекте президенттің өкімімен бір кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бұған дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарған Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ал бұрын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын атқарған Әділбек Жақсыбеков қызметінен зейнет жасына толуына байланысты босатылып,  “Цесна” АҚ директорлар Кеңесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз