“Nur Otan” cаяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды

0
80
Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта), Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде. Нұр-Сұлтан, 23 сәуір 2019 жыл.

18 наурызға белгіленген “Nur Otan” партиясы саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парағында жазды.

“Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген “Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды”,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Кейін “Nur Otan” партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған.

Қазақстан билігі 13 наурызда елде төрт адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. 14 наурызда олардың саны алтыға жетті. Олардың төртеуі – Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда карантиндік стационарларда ем қабылдап жатыр. Қазақстан коронавирустың таралуына байланысты қоғамдық шаралар өткізуге тыйым салып, бірқатар шектеу енгізді.

Соңғы дерек бойынша, әлемде Covid-19 коронавирусы 145 мыңнан астам адамға жұққан. Қаза болғандар саны 5400-ден асып кетті. Вирус 110-нан астам елден табылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз