Қошанов “Нұр Отанның” мәжілістегі жетекшісі болып сайланды

0
262
Солдан оңға қарай: Төменгі палата вице-спикері Павел Казанцев, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов және "Нұр Отанның" атқарушы хатшысы Асхат Оралов. Photo: Nurotan.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов төменгі палатадағы “Нұр Отан” партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды. Бұл туралы партияның сайтында хабарланды. 

Депутаттар палата вице-спикері Павел Казанцев ұсынған мәжіліс cпикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

Ерлан Қошанов фракция президент реформаларын жүргізу үшін партияның тиімділігін арттыруға ықпал етіп, “Нұр Отан” трансформациясына белсенді түрде қосылуы тиіс екенін айтқан.

Жиналыста мәжілісмендер фракцияның сапалық құрамына өзгерістер енгізген. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция басшысының орынбасары және президиум мүшесі болып сайланса, мәжілісмендер Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция президиумы құрамына кірген.

Жиында фракция депутаттары ақпараттық жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік желілерге ерекше назар аударуы керек екені айтқан.

Мәжіліс спикері фракция мүшелері алдына депутаттардың биыл ақпанда өңірлерге сапарына байланысты бірқатар міндет қойды. Мәжіліс төрағасы алдағы жұмыстың маңыздылығын айтып, тұрғындармен кездесулер нақты мәселелерді талқылау мақсатында тікелей форматта өтуі тиіс екенін еске салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз