ОСК президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады

0
155
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. 21 қараша, 2022 жыл.

21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы елде өткен кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлауда жалпы 11 953 465 Қазақстан азаматы дауыс берген. 

“Қазіргі уақытта еліміздегі және шетелдердегі барлық дауыс беру учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. 8 300 046 адам (69,44 пайыз) дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін байқауды 11 мыңнан аса президенттікке кандидат адамдардың сенімді деген адамдары, 641 шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары бақылап отырды. Қазіргі сәтте аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электронды көшірмелерін ұсынды”, – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сайлау учаскелерінде 1225 қазақстандық БАҚ өкілдері, 23 елдің 41 шетелдік БАҚ-тың 106 өкілі қатысып, сайлау барысы жайлыы хабар таратқан.  

Адам саны бойынша дауыс беру көрсеткіші төмендегідей: 

  • Қарақат Әбденге – 206 206 адам (2,6 пайыз);
  • Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 адам (2,22 пайыз);
  • Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам (3,42 пайыз);
  • Мерам Қажыкенге – 200 907 адам (2,53 пайыз); 
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 6 456 392 адам (81,31 пайыз);
  • Салатная Тұрсынбековаға – 168 731 адам (2,12 пайыз);
  • Бәріне қарсымын графасы: 460 484 адам (5,8 пайыз).

Әбдіров Орталық сайлау комиссиясына аумақтық сайлау комиссияларынан келіп түскен және келіп түсетін барлық ресми өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын, оларда қамтылған мәселелер расталған жаағдайда тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз