Порошенко Меркель және Макронмен кездеседі

0
89

Украина президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуге ниетті. Аталған ақпарды 3 мамырда Украина президенті әкімшілігі растады. Қос тараптың кездесуі 10 мамырда Ахенде өтеді.

10 мамыр Ахенде Ұлы Карл халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді, өткен жылғы аталған сыйлық Франция президенті Эммануэль Макронға «Жаңа Еуропаның қуатты көрінісі» үшін табысталған еді. Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, іс-шара барысында Украина президенті өзінің франциялық әріптесі Э. Макронмен де кездесуге ниетті.

Бұған дейін 10 сәуірде Берлиндегі кездесу барысында Меркель мен Порошенко БҰҰ бітімгершілік миссиясы есебінен Донбасстағы мәмілеге қол жеткізілгендігін атап өткен еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз