Бас мүфти Саудия Ислам істері министрімен кездесті

0
116
ҚМДБ

Бүгін Риядта Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрі Шейх Салих бин Абдул Әзиз бин Мухаммед Әл-Шейх Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз бастаған делегацияны қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚМДБ

Кездесу барысында Саудия министрі Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты ерекше атап өтті, аталған сапардың қос мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай қуаттай түсетіндігін тілге тиек етті, деп хабарлайды ҚМДБ.

Өз кезегінде, Бас мүфти Серікбай қажы Қазақстан мен Корольдік арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа алғыс білдірді, аталған қатынастардың тас беки түскендігін алға тартты. Бас мүфти Сауд Арабиясы министрін Қазақстанда өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне» қатысуға шақырды.

ҚМДБ

Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында естелік-сыйлықтармен алмасты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз