Журналист – тәуекелі басым мамандық

0
164
дереккөзден

Журналистердің басым көпшілігі өздерінің кәсіби міндеттерін орындау барысында қаза тапса, БАҚ өкілдеріне қарсы қылмыстың оннан бір бөлігі ғана кінәлілерді жауапқа тартумен шектеледі. Аталған қорытындыны 3 мамыр Халықаралық баспа еркіндігі күнінде (World Press Freedom Day) UNESCO ұйымы кезекті баяндамасында мәлімдеді.

Журналистикада тәуекел басым

Мәселен, БАҚ өкілдері қатарында жақын уақытта қаза тапқан журналистердің бірі Дафна Каруана Галиция Мальта билігі мүшелеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу жүргізген.

Галицияның ұлы Эндрю болған жайт журналист мамандығының тәуекелі басым екендігіне халықаралық қауымдастықтың назарын аударады деген пікірде, деп жазады Euronews.

Өткен жылда 47 БАҚ өкілі жер құшқан

Журналистерді қорғау комитетінің ақпарына сәйкес, 2017 жылы 47 БАҚ өкілі қаза тапқан. Олардың 18 кісі қолынан жер құшқан. Ал абақтыға жабылған журналистер саны – 262, олардың 49 Қытай түрмелерінде.

Популистік партиялар мен қозғалыстар, авторитарлық режим тарапынан журналистерге деген сенімге нұқсан келуіне UNESCO алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар сөз еркіндігіне қатысты UNESCO баяндамасында, Жер шары тұрғындарының басым бөлігінің ғаламторға қол жетімділігі қамтамасыз етілген, ал 112 мемлекетті БАҚ еркіндігіне кепілдік берілген деген оң тенденциялар да аталады.


UNESCO – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы. Ұйымға 183 ел мүше және 3 ассоциациялық мүше мемлекеттер кіреді. Бұл ұйымға Қазақстан Республикасы 1992 жылы 22 мамырда мүше болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз