Премьер-министр жекеменшікке өткен активтерді мемлекет меншігіне өткізу мәселесін көтерді

0
45

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Жиынға орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА (Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі), ҚМА (қаржылық мониторинг агенттігі) және басқа да ведомстволар басшылары қатысты.

Қатысушылар жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

Кеңесте Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған, әбден тозығы жеткен жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы да қаралды.

Жалпы тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз өшіп қалуына, электр қуатының тапшылығына, кері байланыстың толық болмауына және тағы басқа мәселелер бойынша шағымдар айтуда.

Осылайша премьер-министр бұл істі бас прокуратураға тапсырды.

Сондай-ақ кеңес барысында теміржол көлігі саласында да бірқатар монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз