Президент бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

0
85
с источника

Президент бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

29 наурызда мемлекет басшысының өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Әділ Қапанұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

30 наурызда мемлекет басшысының өкімімен Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз