Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтқан.