Қазақстанда президенттікке үміткер кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан кешкі сағат 6-да аяқталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы бейсенбідегі брифинг кезінде мәлімдеді.

“Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін, сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі” деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Петровтың мәліметінше, 2022 жылдың 1 шілде күнгі жағдай бойынша, елде 11 827 277 адамның дауыс беруге құқығы бар. Сәйкесінше, әрбір кандидатта өзін қолдайтын кемінде 118,2 мың қол болуы тиіс. Кандидаттар төлейтін жарна көлемі – 3 млн теңге.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Оған бюджеттен 20,5 млрд теңге қаражат бөлінеді. Қаржы үкімет резервінен алынады.

Елде президенттікке 40 жастан асқан, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік қызметте кемі бес жыл жұмыс істеген, кейінгі 15 жылда елде тұрған адам үміткер бола алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз