Президент: Су тапшылығы Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр

0
94

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапары барысында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы akorda.kz жазды.

Биыл Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) құрылғанына 30 жыл толды.

“Сарапшылардың бағалауы бойынша 2050 жылға қарай Орталық Азиядағы қуаңшылық жылына ЖІӨ-нің 1,3 пайыз мөлшерінде зиян келтіруі мүмкін. Бұл 5 миллионға жуық ішкі “климаттық” мигранттың пайда болуына түрткі болады”, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері басшыларының келесі кездесуін 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды.

 

Сонымен қатар жиында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев сөз сөйледі.  

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз